“Мен әкім болғанда адал жұмыс істеді”. Көлгінов елордадағы шу болған тұрғын үй кешендері мәселесіне түсініктеме берді
Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Астанадағы “Дублин” және “Вашингтон” тұрғын үй кешендері төңірегінде шыққан дауға түсініктеме берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сөзінше ол елорда әкімі болған кезінде тұрғын үй кешендерін салып жатқан G-Park компаниясы өте адал жұмыс істеген. Бірақ мәселе шаруашылық қызметкерлері қателігінен туындапты.
“Мен әкім болғанда G-Park өте адал жұмыс істеді. Өзін әлеуметтік жауапты бизнес ретінде көрсетті – көптеген мұқтаж жандарға көмектесті. Мен компанияны тек осы жағынан ғана білемін. Мұны әкімдіктен егжей-тегжейлі анықтау керек. Құжаттарды ақтарып, тексеру керек. Менің білуімше, бұл - екі шаруашылық субъектінің дауы. Инженерлік желілер бөлімшелерінің мамандары рұқсат берген кезде бір-бірімен келіспеушілік болған. Менің білетінім осы. Әкімдіктің хабарлауынша, дау шешілді, екі мекеме келісімге келді, тұрғындардың ешқайсы зардап шеккен жоқ. Әуелі сәулет-жоспарлау міндеті, инженерлік желілерге техникалық шарттарды шешу орындалады. Бірақ құрылысқа рұқсат қағазы берілмейді, бірнеше жыл бұрын жойылды. Хабарламадан кейін құрылысшы құрылысты бастайды, кейін әкімдікке хабарлайды”, - дейді ол тілшілер сұрағына.
Сонымен қатар Көлгінов GPark басшысы Ғабит Сәтмағамбетовты алдын ала кінәламауды сұрады. Әрі тағы нақтылауы керек сұрақтар болса онда тікелей әкімдіктен сұраған жөн дегенге тоқталды.
Айта кетейік, бұған дейін бұзылады деген екі тұрғын үй кешеніне байланысты әкімдік пікір білдерген. Ол кезде барлық пәтер сатып алушылар құқығы толықта қорғалатыны айтылды.