"Мен адам өлтірдім бе?": Мәжілісте анасын құттықтаған депутат Ардақ Назаров өзін сынағандарға жауап берді
Видеодан скрин
Мәжіліс отырысында анасын туған күнімен құттықтаған депутат Ардақ Назаров өзін сынағандарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутаттың айтуынша, сынға ұшыраған әрекет мәжілістің этика комиссиясында қаралмаған.
“Жоқ, қаралған жоқ. Не үшін? Мен адам өлтірдім бе? Әлде бір нәрсе бүлдірдім бе? Мен тек анама құрмет көрсеттім. Сіз де анасыз ғой. Сондықтан сіздің де балаңыз сізді Ақордадан құттықтап жатса сіз де қуанар едіңіз. Ешқандай әбестігі жоқ. Ешкім мені парламентте қаралаған жоқ. Басшылық та, әріптестерім де мені қолдап отыр”, – дейді депутат.
Депутаттың айтуынша, оны сынап жатқандар өз ата-анасын құрметтемейтін адамдар екен.
“Адамдар әртүрлі. Біреу қызғануы, біреу түсінбеуі мүмкін. Бірақ жалпы халық қарсы болған жоқ. Қарсылық танытып отырғандар – өз анасын құрметтемейтіндер ғана. Ал анасын ардақтайтындар менің сөзімді қолдайды. Мен өз ұстанымымнан бас тартпаймын. Демалыс күндері анама барып, сыйлық беріп, қуантып қайттым. Бұл – менің ұл ретіндегі парызым”, – деді депутат.
Еске салсақ, бұған дейін мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауал қою үшін микрофон сұраған депутат Ардақ Назаров сөзін анасын туған күнімен құттықтаудан бастағаны үшін сынға қалған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген