AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдістері ұсынылды

Ақмола  облысы  бойынша 20 тілдерді оқыту орталығы  жұмыс  атқарады. Биылғы оқу жылында мемлекеттік тілді оқуға 288 топ ашылып, 3124 тыңдаушы қабылданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының басшысы Қаратай Төлекеев "Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" негізінде жұмыс атқарылып жатқанын айтты.

“Бес деңгейлік Ұлттық Стандарт пен Бірүлгі бағдарлама бойынша мемлекеттік тілді оқытудың үш деңгейлік жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес "Қазтест" жүйесінің оқу-әдістемелік кешенін қолданамыз. Алайда, соңғы кезде тыңдаушылардың талабы таза кәсіби бағыт бойынша оқытуымызды сұрайды”, – дейді Төлекеев. 

Оның ойынша бұл талап орынды. Сондықтан болашақта мектеп бағдарламасында тілге баса назар аударып, сағат санын көбейту керек. 

“Сондай-ақ он бірінші сыныпты бітірген оқушылардың ҰБТ тапсырғанда қазақ тілді білу деңгейі нақты анықталуы керек. Жоғары оқу орнында мектептен алған тіл білу деңгейін ары қарай жүйелі түрде дамытып, жалғастырып, кәсіби саласы бойынша мемлекеттік тілді жақсылап меңгертсе және соңғы емтиханда қазақ тілін білу деңгейі қатаң сыналса дұрыс болар еді”, – дейді Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының басшысы. 

Бұнымен қоса ол кәсібі бойынша мемлекеттік қызметке орналасарда тапсыратын тестке мемлекеттік тілді білу сынағы  жалпы балына міндетті түрде қосылса деп ұсыныс білдірді. 

“Тілдерді оқыту орталықтары 360 сағат тыңдаушының алған білімін қайтадан басынан бастап қайталатпай, 60 немесе 120 сағаттық кәсіби сала бойынша оқытып, сол кәсіптің лексикалық минимумын толықтырып, кәсібі бойынша құжат айналымын үйретіп, тілін әбден жаттықтырсақ, қаражатқа да уақытқа да үнем болар еді”, – дейді Қаратай Төлекеев. 

Оның айтуынша, бұған ешқандай реформаның керегі шамалы, тек  әркім өз жұмысын мұқият орындаса болғаны.

“Тілімізді дамытамыз деп, әрқилы тәжірибелер жасай бергенше, - "Тілді білу – міндет, тілді білмесең, мемлекеттік қызметке орналаса алуың мүмкін емес", - дейтін кез баяғыда-ақ, пісіп жетілген”, – дейді орталық басшысы. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр