Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік міндетін атқарып жүріп қаза тапқандардың отбасына бір жылдан кешіктірмей үй беріледі

Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына  жергілікті атқарушы органдар бір жылдан кешіктірмей тұрғын үймен қамтуы тиіс. Мәжілістің жалпы отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осылай деп мәлімдеді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: рixabay

Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарау барысында министр тұрғын үй берудің қосымша шаралары жайлы айтты.

"Заң жобасында азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында мынадай қосымша шаралар қарастырылған. Жетім балалардың, көпбалалы отбасылардың, толық емес отбасылардың,   мүгедектігі бар балаларды асырып отырған отбасылардың балаларының кәмелетке толуына не олардың қайтыс болуына байланысты мәртебесі өзгерген жағдайда олардың кезектілігін сақтау көзделген", - деді Шарлапаев. 

Шарлапев, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларын жергілікті атқарушы органдардың бір жылдан кешіктірмей тұрғын үймен қамтамасыз ету де бар екенін атап өтті.

"Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін тұрғын үйді бөлу кезінде қосымша бөлме бөлу көзделген. Заң жобасын қабылдау халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға және оны оңтайландыруға әкеледі деп есептейміз. Сондай-ақ азаматтардың барлық санаттары арасында тұрғын үйді әділ түрде бөлудің бірыңғай механизміне енгізуге мүмкіндік береді", - деді ол.

Талқылау