Мемлекеттік күзет қызметі енді Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді
Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚР Мемлекеттік күзет қызметі жөніндегі ережені бекіту туралы" Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа өзгеріске сай, Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталды.
"Міндеттері – Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - делінген жаңа құжатта.
Жарлық алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 3 тамызда күшіне енеді.
Еске салсақ, бұған дейін МКҚ-ден Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін алып тастау туралы құжат қоғам талқылауына шығарылғаны туралы жазған болатынбыз.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн