Мемлекеттік қызметке 2022 жылы ғана келген азамат Қарағанды облысы аудан әкімі болып тағайындалды
Абылай Сұлтанғали мемлекеттік қызметке 2022 жылы ғана келіп, биыл Қарағанды облысында аудан әкімі болды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қазақстан Республикасы президент әкімшілігімен және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Абылай Қайратқалиұлы Сұлтанғали Бұқар жырау ауданының әкімі болып тағайындалды”, – деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сұлтанғали бұған дейін облыстық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарған. Баспасөз қызметі жаңа әкімнің мемлекеттік қызметте 2022 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті.
- Ақтөбе облысының әкімі 60 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті деген ақпаратқа пікір білдірді
- Түркістан облысында волонтер ауыл әкімі болып сайланды
“Бірінші кезекте егіс жұмыстарын сәтті жүргізіп, АӨК саласын жақсарту қажет. Бұл ретте мүдделі инвесторлар бар. Сондай-ақ, қаламен көлік қатынасын қамтамасыз ету қажет. Доскей кентінде су құбырының құрылысын аяқтау керек”, – деп тапсырды Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен