AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер комитеті Грузия мен Әзірбайжаннан көлік сатып алғысы келетіндерге ескерту жасады

ҚР мемлекеттік кірістер комитеті Грузиядан және Әзірбайжаннан әкелінген көліктерді сатып алатын қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы кездерде Грузия мен Әзірбайжан елдерінен Қазақстан аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша алып келу жағдайлары жиіленіп кеткен. Мұндай көлік құралдары бір жылға уақытша алып келген жағдайда кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылған. 

Уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алуға және Қазақстан аумағында пайдалануға тек кедендік тазартудан соң және тиесілі кедендік алымдарды және салықтарды төлеген соң ғана рұқсат беріледі.

Жеке пайдалануға арналған шетелдік көлік құралдарын, шет ел азаматтары өз көлік құралдарын әкелгеннен соң Қазақстанның аумағынан біраз уақытан кейін кетіп қалатыны байқалуда (бұлар негізінен Грузия мен Әзербайжан азаматтары).

Осы әрекеттер негізінде ойға келетіні бұл көлік құралдары қандай да бір кедендік баждар мен салықтарды төлеусіз Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуге қойылып және Қазақстан азаматына тапсыру мақсатында ЕАЭО аумағына әкелінеді. Жалпы 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР аумағына Грузия мен Әзірбайжаннан 4157 автокөлік құралын алып келген, оның ішінде 2130 автокөлік бойынша ҚР аумағында уақытша жүрудің мерзімі өтіп кеткен.

Маңғыстау және Түркістан облыстары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерімен тиесілі кедендік алымдарды және салықтарды төлеместен ҚР аумағында тіркелген автокөлік құралдарына байланысты жеке тұлғаларға 230 хабарлама табысталды.

Аталған аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерімен 2021 жылдың 30 қыркүйегінен кейін шығарылған 300 автокөлік иелеріне 6,6 млн. теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұлдар салынып, өндірілген.

Ескеретін жәйт, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары өз мәртебесі бойынша шетелдік тауарлар болып табылады (яғни ЕАЭО тауарлары болып табылмайды) және кедендік бақылауда болады.

Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркелген шетелдік жеке тұлғалардың Одақтың кедендік аумағына уақытша 1 жылдан аспайтын мерзімге әкелуіне рұқсат етіледі.

Бұл ретте, уақытша әкелінген көлік құралды декларанттың өзі ғана басқаруға құқылы және оны біреуге тапсыруға немесе сенімхат арқылы сатуға тыйым салынады. Уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін автокөлік құралдары ЕАЭО аумағынан шығып кетуі қажет, алайда шығып кетпеген жағдайда ЕАЭО қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қолданылатын болады.

Шетелдік көлік құралдарының шығарылуы Еуразиялық экономикалық одақтың аумағынан тыс жүзеге асырылуы қажет шетелдік көлік құралдарды шығару туралы міндеттеме ЕАЭО елдерінің аумағының барлығына қолданылады.

Шетелдік азаматтар көлік құралдарын шығаруға өзінің мүмкіндігі болмаған жағдайда тасымалдаушының көмегімен шығаруына болады, сонымен қатар шетелдік азаматтар көлік құралдарын шығаруға және тұратын мемлекетіне қайту үшін мемлекеттік шекарадан өтуіне болады.

Осыған дейін, короновирустық инфекцияның (COVID-2019) алдын алуға және таралуына жол бермеуге бағытталған шараларды қабылдауға байланысты қалыптасқан жағдайда уақытша әкелу мерзімін 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін (кеден органының рұқсатынсыз және кедендік декларациясыз) ұзарту туралы шешім қабылданған болатын. Уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін аталған көлік құралдарының бұзушылықтарын анықтау мәселесі бойынша жұмыстар Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілетін болады (аталған көлік құралдарына уақытша әкелу мерзімін бұзғаны үшін 15 бір айлық көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған, сонымен қатар толық кедендік тазартудан өтіп, кедендік баждар мен салықтарды төлейтінін ескертеміз).

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр