Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекетке 500 млн теңгеден астам шығын келтірген: ШҚО-да қылмыстық топ ұсталды

Шығыс Қазақстанда қылмыстық іс-әрекеті елге жарты миллиард теңгеден астам шығын келтірген ұйымдасқан топ ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

теңге

Қылмыстық топтың іс-әрекетін облыстық кономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ҰҚК департаментінің көмегімен "STOP обнал" жұмысы аясында анықтады.

Ұсталғандар іс жүзінде жұмыс атқармай, қызмет көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпестен шот-фактура жазып берумен айналысқан.

Мемлекетке келтірілген шығын 525 миллион теңгені (1,3 миллион доллар) құрады.

"Қылмыстық топты басшысы 2017-2019 жылдар аралығында бірқатар кәсіпорындар құрып, бүкіл Шығыс қазақстан облысы аумағында заңсыз іс-әрекет жасаған. Қазір жүздеген миллион теңгені құраған осы қолма-қол ақша кәсіпорындарынан келген шығын есептелуде", - деп атап қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Анықталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 262-бабына - "ұйымдасқан топ немесе қылмыстық ұйым құру, сол сияқты оған немесе қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету, 216-бабына - "іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша іс-әрекеттер жасау" сәйкес жүргізіледі.

Осы баптар бойынша айыппұл салу, түзеу жұмыстары не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу/айыру (216-бап), сондай-ақ жеті жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру (262-бап) қатері төнеді.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр