Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мемлекет олигополияны жеңді": Депутат Еділ Жаңбыршин жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістердің артықшылықтары туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану және экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды. Мұны депутат Еділ Жаңбыршин мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депутат олигополияға қарсы шаралар орындалып жатқанына көңілі толды. Олигополигя дегеніміз – нарықта тек бір-екі танымал компаниялардың ғана үстемдік етуі. Жаңбыршин бес маңызды өзгеріске тоқталды.

“Бірінші өзгеріс – мұнай-газ саласында кен орындарды барлау, іздеу, дайындау жұмыстарына қатысты бюрократияны азайтып, инвесторға "кабинеттерде" жүретін уақытты 6-8 айға қысқартып, сырттажұмысты бастауға мүмкіндік береді.

Екіншіден, "Сарқылған" кен орындарға салықтық жеңілдік жасалып, үнемделген қаржылар кен орынды ұзартуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталмақ. Сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушылармен жасақталған келісімшарт 10 күн ішінде құзыретті органның ресми сайтында жарияланады”, – деді ол.

Айтуынша, ендігіде ірі көмірсутегі кен орындары ашылса, тікелей келісімшарттың 50% үлесі міндетті түрде ұлттық компанияға беріледі. Осылайша халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады деген норманы іске асады дейді.

Еділ Жаңбыршин 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасалған шарттар мен берілген лицензиялар бойынша мемлекеттік комиссияның функцияларын сақтау және геология комитетіне құзыретті тұлға дайындаған ресурстар мен қорларды бағалау есептерін қарауға құқық берілетінін түсіндірді.

Сөзінше, бұл нормаға қарсы шыққандар болғандықтан, оны қабылдау қиын болды. Өйткені кезінде олигополияның ықпалымен 2018 жылы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекске пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясымен қатар KAZRC кодексі заңнамалық түрде қолданысқа енгізілді дейді.

“Бұл норма қолданысқа енгенде, мемлекет үшін үлкен қауіп болар еді. Өйткені қазба байлығымыздың қорын енді мемлекеттік комиссия емес, жеке құзыретті тұлға жасаған есептің негізінде анықтауға мүмкіндік жасалды. Бұл қазба байлығымызды кен орында қалай болса, солай тиімсіз игеріп, оның игерілетін уақытын қысқартып, түсетін салықты азайтып, байлықты кешенді игермей инвесторға тайып тұруға жол ашатын мүмкіндіктер еді.

2024 жылы 1 қаңтардан бастап жер қойнауын сараптауды және пайдалы қазбалардың қорларын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру функцияларын беру арқылы KAZRC кодексіне толық көшу көзделді.

Талқылау