Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мешіт салу үшін өткізілетін қайырымдылық іс-шаралар мемлекет тарапынан бақылана ма – Министрлік жауабы

Мешіт салу үшін өткізілетін қайырымдылық іс-шараларды мемлекет бақылай ала ма? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қайырымдылыққа бақылау жүргізу өздерінің құзіреттілігіне кірмейтінін мәлімдеді. 

"Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңға және "Қайырымдылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, қайырымдылықпен айналысатын қайырымдылық субъектілері ісіне мемлекеттің, ал мемлекет ісіне қайырымдылық субъектілерінің заңсыз араласуына, оларға мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге жол берілмейтіндігі көрсетілген. Осыған орай, мешіттер салу бойынша қайырымдылық іс-шараларын бақылау министрліктің құзыретіне кірмейді. Сонымен қатар, Заңның 10-бабына сәйкес, діни бірлестіктер қайырымдылықты жүзеге асыруға және қайырымдылық ұйымдарын ашуға құқылы", – деп атап өтеді министрліктің жауабында.

Сонымен қатар ведомство ел аумағындағы барлық мешіт Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы – Республикалық ислами діни бірлестігінің меншігінде екендігін және оның филиалы ретінде әділет органдарында тіркелгенін атап өтеді. 

Талқылау