Мемлекет Кеңгір су қоймасын "Қазақмыстан" қайтарып алды
“Қазақмыс” Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылыстарын мемлекетке қайтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Су ресурстары министрлігі
Себебі Қазақстанның Бас прокуратурасы стратегиялық нысанның жай-күйіне алаңдаулы. Мәміле сыйға тарту шарты бойынша жүзеге асырылды.
"1952 жылы салынған су қоймасы (319 миллион текше метр) және оның гидротехникалық құрылыстары стратегиялық нысандар. Сондықтан мемлекет меншігінде болуы керек. Кезінде олар қала құраушы Kazakhmys Distribution ЖШС-нің балансына өткен”, — делінген хабарламада.
Су қоймасын мемлекет меншігіне қайтару үшін прокуратура Су министрлігіне хабарласып, одан кейін "шарт жасалып, нысанды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылды".
Ведомствоның хабарлауынша, қазір жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін су қоймасы тексеріліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында Жаңаарқа ауданында "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-ның Жомарт кеніндегі үйінді астынан жеті қызметкердің де денесі табылды. Кейін қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай көлемде жәрдемақы берілетіні белгілі болды.