Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет қаржысын дұрыс пайдаланбаған 224 қызметкер жазаланды

Бюджет қаржысын дұрыс пайдаланбаған 224 мемлекеттік қызметкер жазаланды. Бұл туралы парламент палаталарының бірлескен отырысы кезінде есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

сот

«2018 жылы бюджет ақшасын дұрыс жұмсамағандықтан, 138 миллиард босқа шығындалды. Ал бұл үшін кім жауапкершілік алды? Көп жағдайда қаржының жұмсалуына қатысты шешім қабылдамайтын қарапайым қызметкерлер. 2018 жылы тәртіптік жауапкершілікке 224 қызметкер тартылды. Олардың ішінде 9%-і ғана басшылар», - деді есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова. 

Әрі қарай төрайым қазіргі заңнамаға осы мәселелерге қатысты қандай да бір өзгерістер енгізуді сұрады. 

«Жүзеге асып отырған заңнамаға жоғары қызметтегі тұлғалардың осындай жағдайда жазалануына қатысты өзгерістер енгізу аса маңызды екенін атап өткім келеді. Яғни тұлғаларды бюджет қаражатын дұрыс бағытта жұмсамағаны және жоспарламағаны үшін жауапкершілікке тарту қажет», - деді есеп комитетінің төрайымы парламент отырысы кезінде. 

Оның айтуынша, мемлекет осы уақытқа дейін қажетті бағдарламаларды жүзеге асыру барысында қатаң талаптар сақталуы тиіс екенін атап өткен болатын. Сондай-ақ, ол қазіргі басты мақсат – осы талаптарды орындау екеніне тоқталды.  

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қайрат Мәмидің конституциялық кеңестің жыл сайынғы жолдауын жариялап, Қазақстанда биліктің сабырмен ауысқаны туралы айтқанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, әлеуметтік көмекке мемлекет тарапынан 2,6 трлн теңге бөлінгені белгілі болды. 

Талқылау