Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет қаржысы иегерілмеген: Қаржы министрі түсіндірді

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысы барысында мелмекеттің қаржы нарығына қатысты баяндама жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елімізде мемлекет тарапынан бөлінген 8 млрд теңге көлеміндегі қаражат игерілмей қалған. 

"Осы жылы өңірлерге 2,3 триллион теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Алдын ала мәліметтер бойынша оларға 1 қазанға 1,5 триллион теңге бөлінді. Оның ішінде 99,5 пайызы игерілген. Атқарылмағаны - 8 миллиард теңге. Оның ішінде 2 миллиард теңге үнемделді, 6 миллиард теңге игерілмеді", - деді министр үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Ерұлан Жамаубаев мемлекет қаржысын игере алмай отырған өңірлерге жеке-жеке тоқталып, мәселені түсіндірді.

"Қаржыны ең көп игермеу мына өңірлерде қалыптасты: Ақтөбе облысы - 0,9 миллиард теңге, Батыс Қазақстан облысы - 0,6 миллиард теңге, Қарағанды облысы – 0,5 миллиард теңге, Нұр-Сұлтан қаласы - 0,5 миллиард теңге", - деді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр