Мемлекет басшысы Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерді тағайындады

Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13 сәуірде Қазақстанның Оңтүстік Корея мен Мьянмадағы елшілерін қайта тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Асет Исенали Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды”, – деп жазды Ақорда.
Ал Нұрғали Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы елшісі қызметінен босатылды. Нұрғали Арыстанов бұл қызметті 2023 жылдан бері атқарып келген.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан елдің Мьянма Одағы Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушысы болып тағайындалды.
Марғұлан Баймұхан 1974 жылы 6 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. Ол Польшадағы Краков экономикалық университетін және Канаданың Ванкувер университетін тәмамдаған. Халықаралық басқару саласы бойынша ғылым магистрі және бизнес әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын “Daewoo Electronics” компаниясында маркетинг және коммерция мәселелері бойынша менеджер қызметінен бастаған. 1997 жылы Польшадағы "River System Ltd." компаниясында экспорт бөлімінде маман, кеңесші және Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азия елдері бойынша аймақтық директор болып жұмыс істеген.
Дипломатиялық қызметке 1999 жылы келген. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында әртүрлі қызметтер атқарған, сондай-ақ Қазақстанның Польшадағы елшілігінде жұмыс істеген. 2017-2019 жылдары Қазақстанның Польшадағы елшісі болды. 2019-2021 жылдары Сыртқы істер вице-министрі қызметін атқарды. 2021 жылдың сәуірінен бастап Қазақстанның Бельгиядағы елшісі, Еуроодақ пен НАТО жанындағы өкіл болды.
2025 жылдың тамызынан бастап Таиландтағы Қазақстан елшісі және БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты жөніндегі экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы тұрақты өкіл қызметін атқарады.
2026 жылдың ақпанында Кениядағы Қазақстан елшісі қосымша түрде Руандадағы елші болып тағайындалды.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Оқыңыз