Қарулы Күштерде кадрлық өзгерістер: Жаңа қолбасшылар тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Қарулы күштерде бірқатар кадрлық тағайындаулар жүзеге асырылып, екі өңірде жаңа қолбасшылар қызметке кірісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысының өкіміне сәйкес, Махсут Курманалиевич Гусейнов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Осыған дейін атқарып келген лауазымынан босатылды.
"Сондай-ақ Бағлан Әбдіжәлелұлы Өсербаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды. Жаңа тағайындаулар елдің қорғаныс жүйесін одан әрі күшейту және әскери басқару тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып отыр", – делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, Мақсут Құрманалыұлы Гусейнов 1977 жылы 30 желтоқсанда Шымкент облысы Бүгүн ауданына қарасты Шұбаров ауылында дүниеге келген. Әскери білімін 2000 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясында алып, кейін 2013 жылы Ұлттық қорғаныс университетінде "Әскери және әкімшілік басқару" мамандығын тәмамдаған. 2021 жылы осы университеттің "Қарулы күштер академиясы" факультетінде стратегиялық менеджмент бағыты бойынша білімін жетілдірген.
Еңбек жолын 2000 жылы бастап, взвод командирінен бастап жоғары лауазымдарға дейін көтерілген. Әр жылдары түрлі әскери қызметтерде, соның ішінде қолбасшының орынбасары – Қарулы күштердің Құрлық әскерлерінің Десанттық-шабуылдаушы әскерлері жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы қызметін атқарған. 2024 жылғы 29 қарашада Мемлекет басшысының өкімімен "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Отбасылы, бір бала тәрбиелеп отыр.
- "Онсыз да басшылық қызметтемін": Қанат Бозымбаев вице-президент лауазымы туралы айтты
- Ерболат Досаев тағы бір лауазымынан айырылды
Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалғанын жазған едік. Елнұр Бейсенбаев – саясаттану мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын жастар ұйымдарында бастап, кейін білім беру және партиялық құрылымдарда қызмет етті. Мемлекеттік қызметте Алматы қаласының жастар саясаты басқармасын басқарды, Нұр-Сұлтан әкімінің кеңесшісі болды. 2020–2021 жылдары Jas Otan төрағасы қызметін атқарды. 2021 жылдан бері Мәжіліс депутаты, қазіргі таңда Amanat партиясының атқарушы хатшысы болған.