Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысының жарлығымен төрт министр қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен төрт министр Марат Қарабаев, Дархан Қыдырәлі, Асхат Оралов, Зүлфия  Сүлейменова қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

“Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;

Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.

Талқылау