Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы ұлттық вакцина жөнінде айтып берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың екінші толқынына дайындық жұмыстары жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев індетке қарсы күрес үшін қажетті шаралардың барлығы қабылданғаны туралы айтты. Сонымен қатар, мемлекет басшысы коронавируспен күресте тәжірибеміз бар екенін тілге тиек еткен.

"Осы кезеңде денсаулық сақтау саласын нығайту үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі ұлттық жоспар жүзеге асырылуда. Өңірлердің дайындығын айқындайтын индикаторлар жүйесі енгізілді. Жергілікті жерлерде жедел штабтар құрылып, жұмыс істеуде. Бұл штабтар іс-қимыл шараларын орталыққа жалтақтамай, өздері қабылдай алады. Құзырлы органдардың барлығы індетпен күреске дайын. Еліміздің біртұтас биоқауіпсіздік жүйесін құру жұмысы басталды", - дейді Тоқаев. 

Сонымен қатар, мемлекет басшысы ұлттық вакцинаға қатысты айтып берді.

"Халықаралық қауымдастық ұлттық вакцина әзірлеу жөніндегі жұмыстарымызға қолдау білдіріп отыр. Қазір клиникалық зерттеулер жүргізілуде. Бұл еліміздің ғылым саласының әлеуеті зор екенін көрсетеді. Бірақ, елдегі жағдай тұрақталғанымен, босаңсуға болмайды. Жаз айларындағы күрделі ахуалдың зардаптарын естен шығармағанымыз жөн. Өкінішке қарай, азаматтарымыз, тіпті, жергілікті билік өкілдері сақтық шараларын ұмыта бастады", - дейді мемлекет басшысы.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 07 Қазан, 2020 13:37
Талқылау