Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото сұхбат кадрларынан
Президент қоғам қайраткерінің еліне еткен еңбегін тілге тиек етті.
“Сейдахмет Рысқожаұлы ұзақ жылдар ұлттық ғылымның, отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы азаматтық болмысымен баршаның зор құрметіне бөленген Сейдахмет Рысқожаұлының жарқын бейнесі оны білетін жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын”, – деп жазылған жеделхатта.
Еске салсақ, қазақстандық саясаткер Сейдахмет Құттықадамның 78 жасқа қараған шағында өмірден озғанын хабарлаған едік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”