AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет 525 миллион теңге қарыз: Арыстағы жарылыстан соң үйлерді қайта қалпына келтірген мердігерлер шу шығарды

Арыстағы жарылыстан қираған үйлерді қалпына келтірген мердігерлер әлі күнге дейін жүргізген құрылыстың қаражатын алмаған. Компания басшылары екі жылдан бері тындырылған тірліктің табанақысын іздеп барлық жерге барған. Айтуларынша, бір емес 29 мердігердің жүргізген құрылыс жұмыстары үшін мемлекет 525 миллион теңге берешек екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

құрылыс

Мердігер компанияда учаскі басшысы болған Мұхтарбек Қошқаров Арыстағы жарылыстан зақымданған 200 үйді қалпына келтіруге атсалысыпты. Бұл жұмыстар аяқталған соң құрылыс фирмасына 500 миллионнан астам қаражат аударылуы керек болатын дейді. Қазір сол қаражаттың 90 миллион теңгесі мемлекеттің берешегі екен. 

“Арыстағы жарылыстан соң бізді шақырып, келіп жөндей беріңдер, болашақта ақша болады деп айтты. Осы жердегі мекемелердің бәрі соған сеніп қалды, әлі күнге осында жүрміз”, – дейді мердігер компанияның жұмысшысы Мұхтарбек Қошқаров. 

Мердігерлер құрылысты істетіп, қаражатсыз қалдырған 9-шы секторға жауапты Нұр-Cұлтан қаласының әкімдігі дейді. 29 компанияға бас қаланың бюджетінен 525 млн теңге төленбеген. 

“9-сектор бойынша 56 миллион, оның ішінде қолыма нақты тигені 48 миллион теңге. Қалған 8 млн 600 мың теңгені әлі алған жоқпын”, – дейді мердігер компанияның жұмысшысы Оразбай Сапарбеков.

“64 үйде түгелдей жөндеу жасадық. Төбесін, терезелерін тұтас ауыстырдық”, – дейді мердігер компанияның жұмысшысы Алмас Әбдуәлиев. 

Ал үйінің біраз бөлігі талқандалып кеткен Алтынкүл апа қара шаңырағын қалпына келтірген мердігерге дән риза. Кейуана жарылыстан жапа шекпегендей баспананы баптап берді дейді. 

“Көзіміз көргенді айтамыз, өзінің ақшасын әкеп құйды. Мынаның быт-шыт болып кеткен ағашына дейін дейін ауыстырды”, – дейді Арыс қаласының тұрғыны Алтынкүл Қуатова. 

Ал Арыстың әкімдігі қаражат жуырда бөлініп қалады дейді. Бұған дейін құжатта бірқатар кем-кетіктер болған соң қаражат та кері қайтарылыпты. 

“Барлық құжаттар Түркістан облысы, Нұр-Cұлтан қаласымен бірге министрліктерге тапсырылды. Бүгінде қаржы министрлігінде қаралып жатыр. Сол құжаттарды қарап болғаннан кейін үкіметтің қаулысын күтіп отырмыз”, – дейді Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова. 

Әкімнің айтуынша, аптаның аяғына дейін кәсіпкерлердің қаражаты аударылып қалуы мүмкін. Екі жылдан бері еңбек ақысын ала алмай табанынан тозған құрылысшылар бұл мерзімді де күтуге әзір. Болмаса, үкімет үйінің алдына жиналудан тайынбаймыз дейді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр