Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мектептерді діни ағымдардың ордасына айналдыруға болмайды": Қошанов хиджаб мәселесіне қатысты ойын айтты

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәжілістің кулуарында қоғамда қызу талқыға түскен оқушылардың мектепте хиджаб кию мәселесіне қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Мәжіліс төрағасы мектеп формасына қатысты заң бойынша стантарт бектілген, сол ережеге бағыну қажет екендігін мәлімдеді.

 “Мектеп – білім ордасы. Сондықтан оқушының міндеті  білім алу. Менің ойымша, балаларды немесе оқытушыларды басқа мәселемен  алаңдатпауымыз қажет деп есептеймін.  Министрліктің заң бойынша формаға қатысты стандарттары бар. Сол талаптарды орындауы қажет деп есептеймін”, – деп жауап берді Қошанов журналисттердің сұрағына. 

Қошанов балалар кәмелет жасына толғаннан кейін қандай жолмен жүретінін өздері таңдайтынын айтты. Мәжіліс спикерінің айтуынша, мектептерді діни ағымдардың ордасына айналдыруға болмайды.

Сондай-ақ спикер Конституцияға қарсы әрекет етіп, теріс діни ағымда жүрген азаматтарға заң жүзінде тыйым салу керектігін де атап өтті. 

“Бұл мәселеге қатысты да қоғамда түрлі пікір айтылып жатыр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет. Бұл Конституциямызда, басқа заңдарымызда да анық көрсетілген. Сондай-ақ Ата заңымыз дін бостандығына шектеу қоймайды, өзінің діни рәсімдерін жасаймын деушілерге кедергі жоқ”, – деп атап өтті Мәжіліс төрағасы.
 

Талқылау