Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектептерде 1 қыркүйек қалай өтеді – Вице-министр жауап берді

Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова мектептерде 1 қыркүйек – Білім күнін өткізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

1 қыркүйекте барлық мектепте салтанаттты жиындар ұйымдастырылады.

"Сосын "Білімге құштарлық, еңбекқорлық пен патриотизм" тақырыбында сынып сағаттары өтеді. Білім күніне арналған салтанатты жиын мен сынып сағатын өткізу тәртібін, сондай-ақ қатысушылардың санын әрбір мектеп өзі анықтайды",  –  деді Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ресми мәліметке сәйкес, республика бойынша 7 мыңнан астам мектеп бар. Барлығы 3,6 миллион оқушы орта білім алып жүр. Жаңа оқу жылы 2023 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады.

Талқылау