Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Мектептер жабылып жатыр": Ләйлә Сұлтанқызы Қазақстанда бала аз туып жатыр деп дабыл қақты

Фото: Жеке парақшадан алынды

Журналист Ләйлә Сұлтанқызы бала туу көрсеткішінің 14%-ға төмендеуіне алаңдап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БАӨ өкілі статистиканы салыстырып, жазба жариялады. 

"Былтыр алғашқы 3 ай мен биыл 3 айды салыстырсақ, туу көрсеткіші 14%-ға төмендеді. Мұндай төмен көрсеткіш соңғы рет 2014 жылы тіркелген. Ары қарай осылай жалғаса берсе, не боларын кім білсін?! "Әке, ана болудан неге саналы түрде бас тартады? Тек қаржылық қиындық па? Әй, қайдам, олай емес-ау", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.


  • "Жеңгетай болсам деймін": Ләйлә Сұлтанқызы әнші Қазыбек Құрайышқа қыз іздеп жүр

  • "Келіні менен жақын": Ләйлә Сұлтанқызы анасымен әзілдесіп, жұртты сүйсіндірді


Одан кейін Ләйлә Сұлтанқызы шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, бала туу деңгейінің төмендеуі – ұзақ мерзімді демографиялық және әлеуметтік мәселелерге әкелуі мүмкін екенін ескертті.

"Бала туу көрсеткішінің күрт төмендеуінен кей елдерде балабақша, мектептер жабылып жатыр. Бізге де сондай қауіп төнбей ме екен?" – дейді ол.

STAN.KZ
Жұма, 16 Мамыр, 2025 11:20
Талқылау