Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқушы кезінде айырылып кеткен екі ғашық 70 жылдан кейін кездесіп, үйленді

Канаданың Ньюфаундленд және Лабрадор провинциясындағы Уондсворт қаласында тұратын екі ғашық  70 жылдан кейін кездесіп, үш күнде үйленуге шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Фред Пол және Флоренс Харви 1950 жылдары жасөспірім кезінде мектеп оқып жүргенде кездескен. Олар бірге уақытты бақытты өткізген.

Пол 18 жаста, ал Харви 15 жаста болғанда, екі ғашықтың жолдары екіге айырылған. Пол басқа қалаға жұмыс істеуге кетеді. Бір жылдан кейін ол қайта оралғанда Харвидің басқа қалаға көшкенін біледі. Ақыр соңында, екеуі де өзге шаңырақтың түтінін түтетеді.

2017 жылы Харвидің күйеуі қатерлі ісіктен қайтыс болды. Ал 2019 жылы Полдың әйелі денсаулығына байланысты қайтыс болды. Жұбайларын жоғалтқан Пол мен Харвиді осы мұң табыстырды.

Харви Полдың әйелінің қайтыс болғаны туралы білгенде, ол оған көңіл айту үшін қоңырау шалған көрінеді. Содан бері қазір 84 жастағы Пол және 81 жастағы Харви күн сайын бірнеше сағат бойы сөйлесе бастады. Шілде айында Харви Полға тосын сый жасады және Торонтоға өзінің туған күніне келді. Олар коронавирустық пандемияға байланысты шектеулерге байланысты туыстары мен достарының тар шеңбері ғана шақырылған үйлену тойын өткізді. Енді ерлі-зайыптылар бір-бірімен кездесіп, бір-біріне ғашық болған қалаға бірге баруды жоспарлап отыр.

 


 

Талқылау