Қазақстандық оқушы 50 мың теңге бермесе, мектепке шабуыл жасайтынын айтқан

Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке қарулы шабуылдың алдын аламын деп 50 мың теңге талап еткен. Қорқыту хабарламасын таратқан жасөспірімнің ісі енді кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Петропавлда мектепке қарулы шабуылдың алдын аламын деп ақша талап еткен жасөспірімді арнайы білім беру ұйымына жіберу мәселесі қарастырылып жатыр. 9-сынып оқушысы қатарластарына қорқыту сипатындағы хабарламалар таратқан. Полиция қызметкерлері қылмыстық мазмұндағы хабарламаның авторын жедел түрде анықтады.
15 жастағы қала мектептерінің бірінде оқитын жасөспірім дарынды балаларға арналған элиталық лицейде білім алатын таныстарын шошытқан. Ол құрдастарына аталған оқу орнына қарулы шабуыл жасалатынын жазған. Сонымен қатар шабуылды болдырмау үшін 50 мың теңге төлеуді талап еткен. Хабарламасында "түсіністік танытқандарыңызға рахмет" деп те қосып қойған.
Ақша жіберудің орнына оқушылар мұғалімге жүгінген. Мұғалім полиция шақырған. Хабарламаның авторы бірден анықталды. Белгілі болғандай, ол бұған дейін өзі де сол лицейде оқыған.
Жасөспірімнің мінез-құлқы бұған дейін де полиция назарын аударған. Ол түнгі уақытта қала көшелерінде жүрген жерінен ұсталған. Анасы ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылған.
"Қазір материалдар Петропавл қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолдау үшін жиналып жатыр. Сондай-ақ жасөспірімді девиантты мінез-құлық танытатын кәмелетке толмағандарға арналған арнайы білім беру ұйымына жіберу мәселесі қаралып жатыр", – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің өкілі Юрий Клыков.
- БҚО-да шенеуніктен ақша бопсалаған блогер 3 жылға бас бостандығынан айырылды
-
Маңғыстауда ер адам қызды интимді суреттерімен бопсалап, ақша талап еткен
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ақша бопсалады деген блогерлер Дамир Күшеев пен Руслан Каримов 9 жылға сотталғанын жазған едік.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты