Алматыда ақша бопсалады деген блогерлер Дамир Күшеев пен Руслан Каримов 9 жылға сотталды

Алматыда алқабилердің қатысуымен өткен сот блогерлер Дамир Күшеев пен Руслан Каримовты "бопсалау" айыбы бойынша тоғыз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкім жарияланғаннан кейін сотталған блогер Дамир Күшеев алқабилерге қарап сөз сөйледі.
"Ұят сіздерге. Бар үміт сіздерде еді, жазықсыз адамдарды ақтайды деп сендік. Тергеу дәлелдей алмады, бірақ ақыры бізді соттады. Біз қылмыс жасаған жоқпыз, бірақ бізге жаза тағайындалды", – деді Дамир Күшеев соңғы сөзін айтып.
Үкім 19 ақпан күні кешке қарай жарияланды.
Дамир Күшеевтің жақтастары бұл қылмыстық іс елеулі сұрақтар туғызатынын және құқықбұзушылықтар мен жемқорлық мәселелерін ашық көтеріп жүрген қоғамдық белсендіге қысым болуы мүмкін екенін айтады.
- Жетісу облысында зорлау фактісімен арыз жазамыз деп ақша бопсалаған топ сотталды
-
Шымкентте блогер кафе иесінен 20 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінді
Еске салайық, іс материалдарына сәйкес, дау бірнеше жыл бұрын кәсіпкер Бахтияр Блаев пен Андрей Белянский және Құрманғазы Айтмұқанов арасындағы қаржылық келіспеушіліктен басталған. Блаев олардың компаниялары орындалмаған жұмыстар мен жалға берілмеген техника үшін ірі көлемде қарыз болып қалғанын айтады. Қарызды өндіру әрекеттері мен сот даулары ұзаққа созылып, тараптар арасындағы жанжал ушыққан. Өткен аптадағы сот отырысында жәбірленуші Бахтияр Блаев жауап беріп, қаңтардағы жол-көлік оқиғасынан кейін жағдай шиеленіскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, сол сәттен бастап блогерлер оқиғаны түсіріп, кейін компромат ретінде пайдаланылған. Ал айыпталушы блогерлер Дамир Күшеев пен Руслан Каримов мұны жоққа шығарып, ешқандай бопсалау болмағанын және өздері тек жағдайды түсіргенін айтты.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды