Шаршап тұрғанын айтқан мектеп оқушысы ұйықтап жатып коронавирустан қайтыс болды
Америкалық мектеп оқушысы Кимора Линум (Kimora Lynum) өзінің шаршағанын айтқаннан кейін ұйықтап жатып коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеп хабарлайды.
Тоғыз жасар қыздың отбасы өлімнен бірнеше күн бұрын Кимора өзін нашар сезінгенін айтады. Оның дене температурасы 37,7 градусқа дейін көтерілсе де дәрігерлер балаға әдеттегідей суық тигенін айтып, үйіне қайтарған. Симптомдарға қарамастан, мектеп оқушысы коронавирусқа тест тапсырмаған.
Бірнеше күннен кейін Кимора біршама жақсарып, достарымен ойнауға кетіпті. Серуеннен кейін үйге келген оқушы шаршап тұрғанын айтып, мызғып алатынын ескерткен. Біршама уақыттан кейін анасы қызының өлі денесін көрген. Туыстарының айтуынша, қыз осы уақытқа дейін денсаулығына байланысты шағымданбаған. Кимора Линумның денсаулығында кінәрат жоқ еді дейді олар.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді