Мектеп оқушысы "Орал аруы – 2021" атанды
17 жастағы оралдық Екатерина Кужекешева “Орал аруы” атанды. Мектеп оқушысы жеңімпаз деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Биылғы байқау онлайн форматта өтті. Ең әдемі қатысушыларды қазылар алқасы қашықтықтан анықтады. Биыл 20 талапкер сұлулар көрмесіне қатысуға ниет білдірді. Оның ішінде 10-ы іріктеліп алынды.
Екатерина Кужекешева №3 орта мектепте оқиды. Бос уақытында вокал үйреніп, гитарада ойнағанды ұнатады. Ол фотосуретпен және бейне түсіріліммен айналысады, сонымен қатар модель болып жұмыс істейді.
Айта кетейік, аймақтық жарыстар бірінші рет онлайн форматта өтеді.
Сұлулардың тағдырын актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мадина Садуақасова, Қазақстан аруы – 2013 Айдай Исаева мен дизайнер Алексей Джен бастаған жұлдызды қазылар алқасы шешеді. Олар әр қаладан 10 финалист арасынан ең сұлуын таңдайды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”