"Мектеп оқушыларын ата-аналарының рұқсатына қарамастан вакциналайды": Қазақстандықтарды желіде таралған ақпарат алаңдатты
Қазақстандық Telegram арналардың бірінде жаңа нормативтік-құқықтық акт туралы хабарлама таратылып жатыр. Оның мағынасына үңілсек, ата-аналарының келісімінсіз мектептердегі балаларды COVID-19-ға қарсы вакцина алу бойынша арнайы норма жазылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz порталына сілтеп хабарлайды.

Мұндай нормативтік-құқықтық акт туралы ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.
"Мұндай НҚА жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", – деп хабарлады ведомстводан.

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда балаларды ковидке қарсы вакцинациялау тек ата-аналардың жазбаша келісімімен жүргізілетінін мәлімдеген болатын.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді