Мектеп оқушылары мен ұстаздарды қойша қырған Галявиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Ресейдің Қазан қаласында 9 адамды атып өлтіріп, 23-ін жарақаттаған Ильназ Галявиевке сот үкімі шықты. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: РИА Новости
Бұл туралы РИА Новости жазды. Дерекке сүйенсек, Татарстан соты мектепте атыс ұйымстырған айыпталушыны өмір бойына түрмеге жабуға үкім оқыды. Әрі Галявиевке түзету колониясында 200 мың рубль айыппұлмен ерекше режимде өтеу кесілді.
Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің тергеу комитеті Қазан қаласындағы мектеп гимназияларының бірінде атыс ұйымдастырған Ильназ Галявиевке РФ Қылмыстық кодексінің төрт бабы бойынша соңғы айыптарын таққанын жазған едік.
Ильназ Галявиев 2021 жылдың мамыр айында мектепке атыс қаруымен кіріп, ондағы оқушылар мен ұстаздарды қойша қырды. Салдарынан 9 оқушы мен 2 мұғалім көз жұмды. 23 адам жарақат алды.
Талқылау