"Мектеп бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинайды": Желіде белсенді қазақстандық ата-аналардың қатты шығындалатынын айтып шағымданды
Фото: Желі кадрларынан скрин
Желіде Алматы тұрғыны қаланың қарапайым мемлекеттік мектептерінде оқушылардың бітіру кешін өткізуге 200 мың теңгеден ақша жинайтынын жеткізді. Айтуынша, одан бөлек, көйлек, макияж шығындары болса, осынша соманы бәрінің қалтасы көтере бермейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде белсенді ер адам мынадай мысал келтірді.
"Енді ойлаңыздыар қызы әкесіне барып 200 мың қажет екенін айтады. Бұған дейін сабағын жақсы оқып үлгілі оқушы болған қыз қатарластарынан қалғысы келмейді. Ал әкесі 250мың теңге жалақысына қарап, несие қарастырамын ба, “бұл ақшаны қайдан алуға болады?” деп ойлайды. Одан бөлек қыздың көйлегі, макияжы тағы бар. Барлығын қоса алғанда 300-400 мың теңгедей ақша қажет болады"- деді видео авторы.
Видео желіде тез тарап, көпшіліктің талқысына түсті. Көптеген пайдаланушылар осыған ұқсас жағдайларын айтты.
"Ұлым бітіру кешінен бас тартып, алгебра және геометрия мұғаліміне ақша аударуды өтінді. Ол Кореядағы онкология операциясына қаражат жинап жатқан. Бірақ біз өкінбейміз, адам сауығып кетті", "Мұғалімдердің қатысы жоқ, ата-аналардың өздері солай жинайды", “Ұлым бітіру кешіне қатысқан жоқ. Анам миллионер емес деп тек барып құжатын алып келді”, “Ұлымның сыныбы 150 мың теңгеден жинады. Біз қатыспадық. Оның орнына отбасымызбен бірге мейрамханада бас қосып атап өттік”, “Менің қызым 2020 жылы бітірді. 350 мың теңгеден жинады. Мұны ата-аналардың өздері шешті. Қызым бас тартты, оның орнына Сингапурға барды”- деп атап өтті желі қолданушылары.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда соңғы қоңырауға қатысты ережелер мен тыйымдар айтылған болатын.

"Жиырмадан асқан жігіттер қырындайды": Қызының қатарласындай жас көрінетін 40 жастағы қазақстандық әйел желі жұлдызына айналды
