Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мексикада жұмыс орындарында қызметкерлердің ыңғайлылығы мен үзіліс демалысын қамту туралы заң қабылданды

2025 жылдың маусымынан бастап Мексикада әрбір жұмысшының, әсіресе сауда және қызмет көрсету салаларындағы мамандардың отырып, демалуға құқығын қамтамасыз ететін заң күшіне енеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Holland&Knight порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Енді жаңа заң кассирлерге, сатушыларға және басқа да қызметкерлерге орындықтарды пайдалануға немесе жұмыс ауысымы кезінде тұрақты үзіліс жасап тұруға кепілдік береді.

Алты ай ішінде жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің жұмыс орындарын орындықтармен жабдықтауға міндетті. Егер жұмыста адамдарға отыруға мүмкіндік болмаса, компаниялар қызметкерлеріне демалу үшін міндетті үзіліс кестесін жасауы керек.

Жаңа талаптарды сақтамаса бастықтарға 13 мың еуроға жететін айыппұл салынады. Заң бұзушылық қайталанса инспекциялық органдар тарапынан бақылаудың күшеюіне әкелуі мүмкін.



Бұл реформаға бастамашы болған депутат Патрисия Меркадо "ешкім бүкіл жұмыс күнін аяғынан тік тұрып өткізбеуі керек" деп атап өтті.  

Жұмыста көбінесе адамдардың күні бойы демалуға мүмкіндігі жоқ. Бұл жағдайда ұзақ уақыт жұмыс істеу:

  • арқадағы ауырсынуға;
  • аяқтың ісінуі;
  • қан айналымының бұзылуы;
  • бұлшықеттің шаршауы секілді ауруларды тудырады. 
Талқылау