Мексикада бірнеше жыл бұрын саудаға шығарылған президент ұшағы Тәжікстанға сатылды
Мексикада бірнеше жыл бұрын сатылымға шығарылған президент ұшағы 92 миллион долларға Тәжікстанға беріледі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: nationalpost.com
Бұл туралы National Post жазды. Дерекке сүйенсек, ұшаққа 2012 жылы Мексиканың бұрынғы президенті Фелипе Кальдероне тапсырыс берген. Boeing 787 Dreamliner елге тек 2016 жылы келеді. Ол кезде билік басына Андрес Мануэль Лопес Обрадор отырды. Осылайша жаңа президент ұшақты пайдаланбайтынын мәлімдеп, сатуға шығарды.
“Бүгін Мексика халқына президент ұшағын Тәжікстан сатып алатынын хабарлаймын. Қазіргі уақытта 1 658 684 400 песо аударылды. Ақша екі аурухананың құрылысына жұмсалады”, – дейді Мексика президенті.
Сонымен қатар ақпаратта дәл осы ұшақты экс-президент сатып алу үшін 220-400 миллион доллар аралығында қаржы жұмсағаны да жазылған.
Талқылау