Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меккеге велосипедпен шыққан қарияны шекарадан өткізбей кері қайтарды

Өзбекстандық 75 жастағы зейнеткер Хусан Хаджибаев «Фарап» өзбек-түркімен шекарасына жеткен соң кері қайтқанын айтты.

pic_bb707907169817f66f11341ef959e0c0

Хусан Хаджибаевтың велосипедпен қажылыққа аттанғанын жазған едік. Алайда оны шекарашылар визасының жоқтығына байланысты кері қайтарған.

Қария 1150 шақырымды жеті күн жүріп, Түркіменстан шекарасына жеткен.

Мені шекарадан өткізбеді. Шекарашылар сыйлағандықтан жіберуге дайын екенін, бірақ Түркіменстаннан шығып бара жатқанда, мені визам жоқ болғандықтан, депортациялануым мүмкін екенін ескертті. Сондықтан маған велосипедпен кері қайтуыма тура келді, – деді Хусан Хаджибаев.

Зейнеткер Түркіменстан, Иран және Сауд Арабия шекарашылары кедергі жасамайды деген сенімде болған.

Тағы да оқыңыз:

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың әйелдеріне тіл тигізген жігіт өлім жазасына кесілді

Мұсылман жігіті 64 христианды өлім жазасынан құтқарып қалды (видео)

Қарыз болған күнді 60 күн өтеу: Оразадағы кәффарат деген не?

Талқылау