Меккеден келдің емес пе? Ерсі билеген Салтанат Бақаева оңбай сынға қалды
Меккеге барып, кіші қажылығын өтеген Салтанат Бақаева ерсі биі үшін көпшіліктен оңбай сөз естіді, деп жазды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Отбасымен бірге билеген видеосын желіге жүктеген әнші көпшіліктен өзін қатты сөкпеуін сұраған.
“Демалыс күнімізде отбасымызбен осындай видео түсірген болатынбыз. Үйдің бишісі кім екенін сіздер шешіңіздер. Бізді қатты сынап кетпеңіздер”, – деп жазды Салтанат.
Желідегілер өнер иесінің қасиетті Мекке барғанын есіне салып, мұндай ерсі қылықтың жараспайтынын жазды.
“Қажы болып келген адам өстей ме?”, “Ерсі”, “Өшір, масқара болдың”, “Меккеден келдің емес пе?”, “Ұят екен”, “Жасыңа сай тірлік жаса”, – деп жазды желі қолданушылары.
Сондай-ақ олар Түркия мен Сирияда болып жатқан жағдайды ескере отырып, өнер иесінің бұл әрекетін орынсыз деп санады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"