Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Мекенжай» сөзі қалай жазылады?

«Мекенжай» сөзі қалай жазылады? Жазуда мекен-жай, мекен жай, мекенжай деген түрлі нұсқаларды кездестіреміз. Шын мәнінде қай нұсқа дұрыс?

Бүгінгі материалымызда осы сұрақтың жауабын білесіздер. Жазуда көңілге күдік ұялататын сөздердің барлығын соңғы шыққан орфографиялық сөздіктен қарап алғанымыз дұрыс.

1963, 1978 жылдары «Ғылым» баспасынан шыққан Орфографиялық сөздіктерде мекен-жай деп берілсе, ал 1988, 2005, 2008 жылдардағы Орфографиялық сөздіктерде мекенжай деп берілген.

Сондай-ақ, 2005 жылы «Арыс» баспасынан жарық көрген Орфографиялық сөздікте мекенжай сөзін бірге жазылатын сөздердің қатарына жатқызған.  Себебі екінші сыңары аралық, тану, тас, таным, жай, хат, қағаз, ішілік, сымақ деген сияқты қазақ сөздері болып келген тіркестер бірге жазылады делінген.

Мысалы: Әуежай, саяжай, мекенжай. Демек, мекенжай қос сөз емес, біріккен сөз. Яғни, бірге жазғанымыз дұрыс.

Біз, Stan.kz редакциясы, қазақстандықтар қазақ тілінде сауатты жазып, сөйлегенін қалаймыз. Осы орайда, "Таза тіл" шығарылымдар сериясын жарияладық.

Қазақ тілінде сөйлеуде тағы қандай сәттерде қиындық туындайды? Адамдар қай кезде жиі қателеседі? Егер сауалдарыңыз болса, келесі форма арқылы бізге сұрақ жолдаңыз

 

Талқылау