"Мекеме ақшасын ұрлап, тамақтарын сатқан": Аружан Саин балаларға арналған шипажайдағы қылмыстар туралы айтты
Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин денсаулық сақтау министрлігінің "Алатау" республикалық балалар клиникалық шипажайында онкологиялық аурулары бар балаларға арналған ақша қаражатын жымқыру, тамақ өнімдерін сату туралы мәлімдеді, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Балалардың құқықтарын бұзу әртүрлі мекемелерде орын алады, әсіресе балаларды тамақтандыру және оларды басқа да тиісті қызметтермен қамтамасыз еткен кезде. Тергеу әрекеттері жүріп жатқан кезде бұл туралы әрдайым жаза алмаймын. Бірақ жақында Антикор операция өткізді, оның нәтижесінде денсаулық сақтау министрлігінің "Алатау" республикалық балалар клиникалық санаторийінде ақшалай қаражаттың ұрланғаны, азық-түлік және балаларға арналған басқа да өнімдердің сатылғаны туралы дәлелдер жиналды", - деп жазды Facebook парақшасында омбудсмен.
Саиннің сөзіне қарағанда, мекемеде жыл сайын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мемлекеттік бағдарламасы бойынша онкологиялық және бронхопульмональды аурулары бар 3 жастан 14 жасқа дейінгі балалар емделеді.
"Клиникалық шипажай - біздің елде жоғарыда аталған аурулары бар балаларды оңалту саласындағы санаулы мекемелердің бірі. Мендегі ақпараттар бойынша, шипажай директоры Қаншайым Мұсаева мен оның қол астындағылар жыл сайын ақша ұрлаған. Балалардың ата-аналарынан тұру, тамақтану және емделу үшін ақы алып, оны бюджетке салудың орнына өздеріне алған, бұл пациенттерді ұстау және емдеу жағдайларына теріс әсер етті. Сонымен қатар, шипажайда балаларға арналған азық- түлік өнімдерін - ет, картоп және т.б. заңсыз сату фактілері болды", - деді Саин.
Омбудсмен балалардың санаторийге мемлекеттік квота бойынша жіберілетінін айтты. Оған ата-аналардың төлемі кірмейді.
"Сондықтан ата-аналар баласымен бірге болу ақысын өз қаражатынан төлейді - тәулігіне 7500-ден 11 000 теңгеге дейін. Оған қоса, күніне 5000 теңге тамақ үшін ақы төленеді. Бірақ бұл ақша келмеді, санаторий басшылығының қалтасына кетті. Балаларды, олардың ата-аналарын, мүмкін қызметкерлерді де тамақтандыру санаторийдің квотасы бойынша мемлекеттен алған ақша есебінен жүзеге асырылды. Егер тамақ сатылған болса, онда балалар не жегенін елестетіп көріңіздер?"- деп түсіндірді Саин.
Оның пікірінше, ДСМ басқа денсаулық сақтау мекемелеріндеге осындай ұрлыөтың таралу мәселесін анықтауы керек.
"Балаларға, оның үстіне осындай ауыр ауруы барларға қалай осылай істеуге болады? Елімізде күрделі жағдай қалыптасқанын бәріміз түсінеміз, барлық бағыттар бойынша басты жауымыз – сыбайлас жемқорлық пен жауапсыздық. Бірақ жетімдерге, науқастарға, мүгедектердан ақша жасау - қоғамның адамгершілік деңгейінің ең төменгі деңгейі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің барлық қызметкерлеріне, атап айтқанда, өз жұмысымен айналысуға және балаларды қорғауға бей-жай қарамайтын Алматы кеңсесінің қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді. Басқа ведомстволардың қызметкерлеріне де раөмет. Бірақ жұмыс көп", - деп қорытындылады Саин.