Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Медведев: Украинадағы қақтығыс ондаған жылға созылады

Ресейдің Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Украинадағы соғыс ондаған жылға созылатынын, қазіргі билік келісімге келгенімен, қайталанатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Медведев

Медведев Киевтегі нацистік биліктің табиғатын жою қажет екенін алға тартты.

"Бұл қақтығыс өте ұзақ уақытқа созылады. Тіпті ондаған жыл жалғасуы мүмкін. Бұл жаңа шындық, өмірдің жаңа шарттары. Ол жерде билік өзгермейінше, үш жыл бітім, екі жыл қақтығыс болады және бәрі қайталанады. Киевтегі нацистік биліктің табиғатын жою керек", - деді Медведев Вьетнамға сапары кезінде журналистерге берген сұхбатында.

Бұған дейін Медведев өзінің Telegram-арнасында Украинаның күйреуінің болжалды сценарийлерін сипаттап, Еуропа мен әлемде қақтығыстың қайта өршу қаупін бағалаған болатын.

"Украина арнайы әскери операция аяқталғаннан кейін Ресей мен ЕО-ның бірқатар мемлекеттері арасында бөліну процесінде жоғалып кетеді. Еуропа елдерінің бірінде қуғында жүрген Украина үкіметі пайда болады. Украинаның не мемлекеттік егемендіктері біртіндеп жойылып кетеді немесе мемлекеттіктің барлық белгілерінен бір мезетте айырылып қалады. Үшінші сценарий бойынша Украинаның орталық және кейбір басқа иесіз аймақтарының халқы Ресейдің құрамына еніп, қақтығыс қайта басталмау кепілдігімен аяқталады”,  – деді Медведев.

Сәуірде Медведев Украинаның ешкімге керегі жоқ екенін және оның жойылып кететінін мәлімдеген болатын.

Талқылау