Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысатын емханада дәрігер болмаса, науқас не істеуі керек

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысатын емханада дәрігер тапшылығы байқалса, мекеме емделушіні басқа медициналық ұйымға жіберуге міндетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Азаматтардың өтініштерінен, әлеуметтік желідегі жарияланымдардан науқастардың арнайы маманның қабылдауына жазыла алмай жүргенін жиі байқаймыз. Мұның көптеген себептері бар. Кейбір жағдайда емхананың арнайы кадрі болмай қалуы, дәрігер демалысқа шығып кетуі, жұмыстан шығып кетуі жағдайлары жиі болады. Нәтижесінде кезек пайда болып, науқастар қажетті маманның көмегіне жүгіну үшін айлап күтеді. Осылайша, консультативтік-диагностикалық қызметтерді күту ұзақтығы бойынша пациенттің құқықтары бұзылады. Бұл жағдайда емхана науқасты онымен келісім болмаса да басқа медициналық ұйымға жіберуге міндетті. Жолдама берілген кезде шарт автоматты түрде жасалады", – деді "Әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ басқарма төрағасы Айдын Әшуев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ағымдағы жылдың жеті айында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 13 мыңнан астам шағым түскен. Басты шағымдар медициналық қызметкердің емхана деңгейінде медициналық көмек көрсетпеуіне байланысты болды.

Талқылау