Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Медсақтандыру бәрінде болуы міндетті": Министр жүргізуші куәлігін беруге тыйым салу туралы айтты

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медициналық сақтандыруы жоқ азаматтарға көлік жүргізуге тыйым салу және кейбір мемлекеттік қызметтерден шектеу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министр жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық сақтандырудың болуы әлемдік тәжірибеде бар екенін айтты. 

"Бұл әлемдік тәжірибе. Жүргізуші куәлігін алғыңыз келсе, медициналық сақтандыруды талап етеді. Өкінішке қарай, елімізде жылына 3 мыңнан астам адам жол-көлік оқиғасынан көз жұмады. Жол апаттары көп. Әсіресе жастар жағы оының салдарынан өмірден озып жатыр. Оның ішінде балалар да бар. Адамдар ауыр халде жеткізіледі. Осындай жағдайға тап болғанда, адам сақтандырылған ба деп сұраудың өзі әрине медицина қызметкері үшін де оңай емес. Әрине, көмек көрсетіледі. Бірақ медицина қызметкерлерінің науқас сақтандырылған ба, жоқ па деп сұрауы жақсы деп ойлайсыз ба? Мұның бәрі денсаулыққа байланысты", – деді министр.

Денсаулық сақтау министрі атап өткендей, әрбір қазақстандық өз денсаулығына жауапты болуы тиіс, сондықтан медициналық сақтандыруға барлығы міндетті. 

Талқылау