Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Медициналық пункттің орнына 80 қабатты тұрғын үй кешені салынбақ": Елорда әкімдігі тұрғындарға жауап берді

Елорда әкімдігі Қабанбай батыр даңғылы бойында, Керей, Жәнібек хандар және Орынбор көшелерінің аралығындағы 325 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы туралы ақпаратқа қатысты азаматтардың сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты әкімдіктегілер.

Қабанбай батыр даңғылының бойындағы Керей, Жәнібек хандар және Орынбор көшелерінің аралығындағы жер телімінде медициналық пункт салынады, бұл туралы бұған дейін де тұрғындармен кездесуде айтылған. Бұған дейін "Астана-Мед" ЖШС-ға "Медициналық орталық" нысанын зерттеу жұмыстарын және жобалау жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілген болатын.

2021 жылы "Астана-Мед" ЖШС рұқсатсыз жоғарыда аталған учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстарын бастады. Нұр-Сұлтан қаласының қалалық қоршаған ортаны бақылау және сапасын бақылау басқармасы құрылыс салушыға шара қолданып, құрылыс тоқтатылды.

Айта кету керек, ағымдағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоғарыда аталған жер телімінде тек медициналық пункт қарастырылған.

"Тағы бір рет айта кетейін, жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінің тұрғындарын алаңдатуға негіз жоқ. Жоғарыда аталған учаскеде көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салу туралы бұрын-соңды әңгіме болған емес. Мұнда медициналық пункт болады", – деді елорданың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 15 Ақпан, 2022 18:57
Талқылау