"Медицинадағы ғажайып": Астанада бір күнде 53 рет жүрегі тоқтап қалған әйел аман қалды
Астанада бір күнде 53 рет жүрегі тоқтап қалған әйел аман қалды. Ол ауруханаға миокард инфарктісіне байланысты өте ауыр жағдайда түскен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы No2 қалалық көпбейінді қалалық ауруханасы мәлімдеді. Науқас ауруханаға түскеннен кейін 10 минуттан соң дәрігерлер оған ота жасаған. Кейін қан айналымы тоқтап, күндіз-түні оның жүрегі бір соқса, бір соқпай қалған. Солай әйелдің жүрегі 53 рет тоқтаған. Мамандар кейін жасанды жүрек пен өкпе қызметін қосуға мәжбүр болған.
35 күн дәрігерлер науқасты бақылауда ұстаған. Осы уақыт ішінде онда қан кету, қабыну реакциясы, көп мүшелердің жүйелі жеткіліксіздігі пайда болған.
"Науқасты о дүниеден қайтарып, оны аяққа тұрғызу, дененің барлық функцияларын сақтауға тіпті бірнеше рет жасаған операциялардың көмегі тимеуі мүмкін. Бұл – медицинадағы ғажайып", – деді дәрігер Расул Сағнаев.
Науқастың миы зақымданбай аман қалды. Қазір жағдайы қалыпты.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген