Медеу бөгетінде 32 тонналық тас құлады
Шымбұлаққа барар жолда көлемі шамамен 20м куб тас опырылып түсті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Бұл туралы Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінде хабарлады. Дерекке сүйенсек, "Мохнатка" тауы маңында, Медеу бөгетінің тұсынан 300 метр жоғары жағында тас құлады. Төтенше жағдай түнде болған.
“Жауын-шашын мен көшкін қаупіне байланысты алдын ала қойылған блокбекеттердің арқасында адамдар зардап шекпеді. Тастардың көп бөлігі қорғаныс қабырғасының ішіне құлады. Саларынан қорғаныс қабырғасы, сондай-ақ қорғаныс торлары зақымдалған, 2 тіреу майысқан”, - делінген ақпаратта.
Бұл жағдайға байланысты төтеншеліктер қала тұрғындары мен қонақтарына тауға барудан бас тарта тұруды ескертіп отыр
Талқылау