Медеу Арынбаев марқұм жарына бір көргеннен ғашық болғанын айтты
Медеу Арынбаев марқұм жарымен қалай танысқанын әңгімелеп берді. Әнші сүйіктісі Айгүлге бір көргеннен ғашық болғанын айтса да, оны не үшін сүйіп қалғанын түсіндіре алмады.
Бұл туралы Арынбаев КТК арнасының “Әнім сен едің” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.
“1996 жылы еді, тәуелсіздігіміздің 5 жылдығына мәз боп жүрген кезіміз. Жаспыз әлі. Енді «АБК» тобы болып үлкен концертке қатысып жатырмыз. Айгүл ол кезде симфониялық оркестрде жұмыс істейді. Сол кезде күндіз көріп қалдым, көзіме жарқ ете түсті. Қазақтың қара қызы, оның қай жеріне ғашық болғанымды қайдан білем? Бұйра шашты, қара торы қыз. Ерланның алдын ала таныстығы бар екен қыздар арқылы, сол таныстыра қойды. Одан кейін таныстығымыз әрі қарай жалғасты”, – деп еске алды әнші.
Қара қызды Медеу Арынбаев бірден ұнатады, өмірлік жарым болса дейді. Алайда жас жұлдызды айдай қыз менсінбеген.
“Ол классик музыкант қой, олар эстрада музыканттарын аса елеп те жүрген жоқ. Өздерінің әлемі бар. Оны түсінем”, – дейді Арынбаев.
Бұдан кейін Айгүл ханым кештердің бірінде Медеудің әніне зер салып тыңдаған-ды. Кейін әншіге деген сезімінің оянғанын байқаған.
“Әрі қарай махаббатқа ұласты. Киноға, театрға, концерттерге бірге барып жүрдік”, – дейді Медеу Арынбаев.
Жіберіп алмаңыз:
Медеу Арынбаев: Барлық әндерім марқұм жарыма арналған
Айқын Төлепберген алғаш рет балалары жайлы бар шындықты айтты
Айдарбекова: Төсек қатынасы бар көріністе Жұлдыздың орнын дублер алмастырды (видео)