Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Медеу Арынбаев: Барлық әндерім марқұм жарыма арналған

Әнші әрі композитор Медеу Арынбаев жүрегіндегі мұңын шағып, бар сырын ақтарды. Ол сазгерлік қабілетінің ашылуына марқұм әйелінің сеп болғанын жасырмады. Сондай-ақ, бүгінгі таңда репертуарындағы бар әндердің асыл жарына арналғанын атап өтті.

Бұл туралы Арынбаев КТК арнасының «Әнім сен едің» бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

«Барлық әндерім жарыма арналған десем, қателеспейтін шығармын. Өйткені сонау 1998 жылы біз бас қостық. Мен 98-жылдан бастап ән шығара бастадым. Бірінші тыңдарманым марқұм жарым болды. Одан кейін дәл өзіне арналған болмады емес, болды. Орыс тіліндегі әндер, «Бақыттымын өзіңмен», дүниеден өткеннен кейін көптеген әндер шығып жатыр. «Айналайын алтыным» деген ән шықты, сол әннің атымен 2012 жылы үлкен жеке шығармашылық кеш бердім», – дейді ағынан жарылған әнші.

Арынбаевтың композиторлық қабілетін ашып, шабыт берген де марқұм жары болған көрінеді.

«Бірге тұрғаннан кейін бірінші рет пианино алуға итермелеген сүйікті жарым Айгүл болды. Үйде гитарада ойнайтынмын, бірақ фортепиано болғаны дұрыс деді. Өйткені ол музыкант болды ғой, скрипкада ойнады, оркестрде жұмыс істеді. Өнер адамы болған соң әрқашан мені итермелеп, шабыт беріп отыратын. Ол аспапты ән шығару үшін емес, дайындалу үшін алдым. Бірақ алғаннан кейін бір аптадан кейін-ақ алғашқы «Слова любви» атты әнім шықты. Ол кезеңде 90-жылдары орыс тіліндегі әндер көп шырқалатын», – деп еске алды әнші.

Арынбаевтың репертуарындағы басқа әндер бір төбе болса, “Айналайын, алтыным” әні бір төбе. Себебі:

“Дүниеден өткеннен кейін «Айналайын, алтыным» атты арнау ән жарыққа шықты. Әрине, ішінде махаббат, сезім бар, әттеген-ай деген сәттер де бар, бағалай алмаған кездерді де айта кеттім. Әбдірахман аға ойымды айнытпай жеткізді. Әрине, өкініш бар, қайғы сағыныш бар”, – деп атап өтті әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Абай Бегей сыйға алған қымбат көлігін көрсетіп мақтанды

Құлсарылық ғашықтар Марлен мен Әнел жақында үйлену тойын жасамақ

Төреғали “Алло” әнін өзбек әншісі Шахзодамен орындап шықты (видео)

Қайрат пен Жұлдыздың махаббатына колледж ұстаздарына дейін қызыға қараған (фото)

Талқылау