Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжілісмендер коронавирустан қалай қорғанады?

Бүгін мәжіліс депутаттары жұдырық түйістіріп амандасты. Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін мәжілісмендер бұрынғыдай қол беріп амандаспай, жаңаша амандасу жолдарына ауысыпты. Ел азаматтары 1 айға жуық дәріханалардан таппай жүрген масканы киіп келген депутаттар да бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "31 арнаға" сілтеме жасап.

Мәжіліске кірген бетте дене қызуын міндетті түрде өлшенетін болыпты. Коронавирустан қорғану жолдарын түсіндіретін хабарламалар әр жерде ілініп тұр, бәрінен де қол беріп амандасуға болмайды деген үлкен сурет бірден көзге түседі. Кейбір депутаттар жас балаларша, аяқтарын түйістіріп, әзілдесіп жатты. Әріптестерінің сақтығын келеке еткендей, жариялы түрде құшақтасып, амандасқандар да болды. Бәрінен бұрын маска тағып келгендер ерекшеленіп отырды. Аманжан Жамалов тұмылдырық сияқты бетпердесін киіп келіпті. Үкімет сағатына баяндама жасауға келген ауыл шаруашылығы министрі де сақтықты ұмытпаған.   

"Мәжіліске маска тағып келіп едім, оны кейін депутаттардың бәрі маскасыз отырғаннан кейін, маған кішкене ыңғайсыз болды, шешіп тастадым, бірақ портфелімде маска бар", - деді ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

50 адамнан артық жиналса, той жасауға тыйым салып жатқанда, 106 адамы бар мәжілістегі қорғану ережелерінің еленбеуін қалай түсінуге болады.

"Маскам жоқ. Шыққан соң аламын. Үйдегілерге маска табыңдар деп айттым, таппай жатыр қазір", - деп ақталды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.

Қауіпті індеттен қорғануға қажетті барлық нұсқаулықта жазылған маска, антисептик сынды бұйымдардың тапшы екендігі бірнеше күннен белгілі болғанымен оны үкіметтің қалай шешетіні беймәлім. Енді оны жауапты министрлердің өзінен де тікелей сұрау мүмкін бомайды, өйткені үкімет отырыстары журналистердің қатысуынсыз өтеді.  

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 2020 жылдың жазында ауа райы қандай болады

Синоптиктер осы жылдың жазы мен күзіне арналған ауа райы болжамын ұсынды

42500 теңге алуға 1 млн табысы бар азаматтар да өтініш берген - Еңбек министрлігі

Осындай екі мыңға жуық азамат өтініш берген

Димаш мұқтаж отбасыларға 5 тонна азық-түлік жіберді

Әнші бұл туралы өзі аййтпаған

Еңбек министрі банкте есепшоты жоқ адамдарға 42500 теңгелік төлемді қалай алуға болатынын айтты

Министр: Банкте есепшот ашуға асықпай-ақ қойсаңыздар болады

Білім министрлігі телеарнадағы сабақтар неге 10 минутқа ғана созылатынын түсіндірді

Шолпан Каринова бейнесабақты көргеннен кейін оқушы өз бетінше жұмыс істеу үшін белгілі бір тапсырмалар алатынын айтты.

Бейресми жұмыс істеген қазақстандықтар 42500 теңгені алатын болды ма? Министр түсініктемесі

Еңбек министр: Ол үшін өз дәрежелеріңізді рәсімдеулеріңіз керек

Декреттегі аналарға 42500 теңгелік жәрдемақыға өтініш білдіруге рұқсат берілді

Министр: Балалы әйелдің декретте жатқанына бір жылдан асса, жәрдемақыға іліне алады

42500 теңге: Еңбек министрі "жаңа өзгерістер" туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Министр әлеуметтік желі авторларының жазбасына жауап берді

42500 теңге жәрдемақыны алу үшін өтінім беруге арналған жаңа бот іске қосылды

Ол үшін Telegram мессенджеріне кіру керек

Тоқаев коронавирусты анықтайтын тест жасап шығарған қазақстандық ғалымдарды құттықтады

Тоқаев екі ғылыми орталықтың ел игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тіледі
Çàãðóçêà...