Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліске жаңа депутат сайланды

Мәжіліс депутаты Вера Ким Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің құрамына сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚР ОСК ресми сайты

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин  әріптесі Вера Кимді комитет құрамына сайлауға ұсыныс жасады.

Депутаттар ұсынысты дауысқа салып, оң қорытынды шығарды.

Осылайша Парламент Мәжілісінің депутаты Вера Александровна Ким Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің құрамына сайланды.


 

Талқылау