Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс зейнетақы қорының бір бөлігін алу туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс депутаттары қазақстандықтардың мақсатты қажеттіліктері үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануды көздейтін экономикалық өсімді қалпына келтіру туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Заң жобасында 700 мыңнан астам азамат өзінің зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін ала алады. Мақсатты пайдалану үшін отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіру мүмкін болады. 

Егер белгіленген талаптар орындалса, ақша алу санына шектеулер қойылмайды, азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін сол мақсатта немесе басқа мақсатта қайта пайдалануға рұқсат етіледі.

Заң жобасын талқылау барысында палата спикері келесі жылы іске қосуды жоспарлап отырған тетік қазақстандықтар үшін ашық әрі түсінікті болуы керектігін баса айтты.

Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беру ережелерін қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі анықтайды.

Заң жобасының нормаларын талқылағаннан кейін депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 04 Қараша, 2020 11:12
Талқылау