Мәжіліс спикері парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды
Мәжіліс төрағасы парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отырыс 2 қыркүйекте сағат 11:00-де Астанада өтеді.
"Конституцияның 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, парламент палаталарының бірлескен отырысы 2 қыркүйекте сағат 11:00-де Астанада өтсін", – делінген бұйрық мәтінінде.
Қыркүйекте Қазақстанда жаңа саяси маусым басталады. Дәстүр бойынша ол президент жолдауымен ашылады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"