Мәжіліс сайлауы онлайн-режимде өткізілмейді
Қазақстан Орталық сайлау комиссия төрағасы Берік Имашев депутаттар сайлауын онлайн - режимде өткізбейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.
"Сайлау процесі "Сайлау туралы" заңмен реттеледі және осыған байланысты бізде онлайн-дауыс беруге қатысты сұрақ болған жоқ. Бұл сайлауды әдеттегі жүйе бойынша, қағаз бюллетеньдермен өткізетін боламыз, яғни біздің сайлаушылар үшін бұл тұрғыда ешқандай жаңалық болмайды", - деді Берік Имашев ОСК отырысында.
Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”