Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс митингілер туралы заң жобасына енгізілген өзгерістерді мақұлдады

Мәжіліс сенаттың бейбіт жиналыстар туралы заңға енгізген түзетулерін мақұлдады,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар әкімшілік орталық аудандарында бейбіт жиналыстарды ұйымдастырудың арнайы орындарының міндетті санын белгілеу, тұрмыс-тіршілік нысандарының, көлік пен өзге де инфрақұрылымның жұмыс істеуінің бұзылуы, азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіру сияқты бейбіт жиналысты өткізуден бас тарту негізін алып тастау ұсынылады. Өйткені мұндай кедергілерді билік нақты әрі арнайы орынды белгілеу кезінде ескеруі және олардың алдын алуы тиіс. Сонымен қатар, жекелеген қатысушыларының заңсыз әрекеттеріне байланысты, егер мұндай бұзушылықтар жойылса, бейбіт жиналыс барысында жеке денсаулықты қорғау құралдарын пайдалануға рұқсат ету ұсынылады", - деді заңнама және сот, құқықтық реформа комитетінің мүшесі, депутат Қанат Мусин.

Сондай-ақ, ол заң жобасының жекелеген нормаларының құрылымын жетілдіру мақсатында енгізілген түзетулер туралы айтты.

Қанат Мусиннің айтуынша, сенаттың түзетулері мәжіліс мақұлдаған тұжырымдама мен мазмұнды өзгертпейді әрі оның жекелеген нормаларын жақсартуға бағытталған. Осыған байланысты мәжіліс депутаттары түзетулерді қолдады.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 20 Мамыр, 2020 09:52
Талқылау